... Издали, в лесном коридоре, оно показалось веселое и нарядное, сияющее необыкновенно чистой и ровной желтизной. Я подошел поближе: это было заброшенное поле, давно не паханное и не сеянное, и теперь густо заросшее какими-то невысокими растениями-кустиками. От них вдруг дохнуло приятным горьковато-цветочным ароматом. «Да это сурепка, — вспомнил я когда-то читанный ботанический атлас, — что-то вроде сорняка...».
Свежий ветер пробежал над живым ковром, все поле заиграло и запереливалось золотистыми волнами, которые докатывались до затененной солнцем стены леса, образуя удивительный контраст темно-зеленого и ярко-желтого. «Будто драгоценная чаша в малахитовой оправе» — мелькнуло сравнение.
Высоко в знойном июньском небе парил коршун. Жара предвещала грозу. Над западной частью горизонта уже темнела громадная туча, набухая дождем. И только в зените неровные, быстро смещающиеся края облаков ослепительно сверкали расплавленным серебром, источая нестерпимый свет. Ветер усиливался, все соцветия сурепки быстро раскачивались, будто исполняя какой-то экзотический танец.
Звенело, страстно и не переставая, множество невидимых глазу жаворонков. Будто перед грозой пели и цветы, и лес, и это далекое от человеческих селений поле. Но вот теплые серые комочки упали откуда-то с неба и зависли над кустиками золотистой сурепки. Некоторые жаворонки вились над самым полем, перепархивая от цветка к цветку и наполняя окраину неумолчным пилением. Другие, часто трепеща крылышками, поднимались вертикально и зависали метрах в четырех-пяти над землей и также громко славили жизнь.
Предгрозовые облака громоздились по всему небу, кое-где иссиня-розоватые, будто раскаленные изнутри, и я увидел, что над лесом осталось лишь небольшое голубоватое окно, из которого прямым широким водопадом прорывались к земле лучи, заливая теплым мягким светом все летнее благоухающее цветение. А в напряженном, наполненном электричеством воздухе беззвучно бушевала метель из летящего вокруг осинового пуха. Но вот где-то оглушительно ударил гром, и первые крупные капли дождя шумно хлестанули по золоту цветов сурепки. В тот миг, когда пришел ливень, вдруг показалось, что вся живая природа свободно и облегченно вздохнула, что все деревья, растения, птицы и звери обрадовались сверкающему, всполошному, сотканному из толстых водяных струй, дождю.
До нитки промокший, один среди затуманенного и вдруг притихшего, словно бы придавленного стихией поля, я также молча наслаждался упоительным счастьем человека, которому один, от силы два раза в году дано увидеть и ощутить прекрасное смятение в природе. | ... Алыстан, орман дәлізінде ол көңілді де әдемі, біркелкі саф алтындай нұр шашып тұрған сияқты көрінді. Мен жақындай түстім: көптен бері жыртылып, дән егілмеген, қалыңнан бойы аласа бұталы өсімдік басқан жападан жалғыз алқап еді.Өсімдіктің ащы әрі гүлді хош иісін сезіндім. «Бұл қышабас қой, — есіме баяғыда оқыған ботаникалық атласым түсті, — арамшөптің бір түрі...». Тірі кілемнің үстімен самал жел жүгіріп өткенде, бүкіл алқап ойнап, алтын толқындар құбыла түсті: орманның күн түсірген көлеңкелі қабырғасына дейін жетіп, қою жасыл және жарқын сары түстің тамсанарлық реңкін түзіп тұрды. «Малахит жақтауға салынған бағалы тасты тостаған секілді» деген салыстыру келді ойыма. Маусымның аптап ыстығында аспанның көгінде кезқұйрық самғап жүр. Ыстық найзағай болатын сыңай білдірді. Көкжиектің батыс бөлігінде жауынмен ісінген алпауыт қара бұлт төніп тұр. Тас төбеде ғана бұлттардың қисық, тез жылжитын шеттері көз шағылыстыратын жарық шығарып, балқыған күмістей жалтылдайды. Жел күшейе түсті, қышабастың гүлдері экзотикалық би билегендей шайқалып тұр. Көзге көрінбейтін көптеген бозторғайлар ынтыға және тоқтамастан шырылдап жатты. Найзағай алдында гүлдер де, орман да ән айтып тұрғандай, ал бұл болса — адам қоныстарынан алшақ алқап. Міне, аспаннан жылы сұр түйіршіктер де түсіп, алтын қышабастың бұталары арасында тұрып қалды. Кей бозторғайлар алқаптың үстінде, гүлден гүлге секіріп, өңірді тынығусыз әнмен шарықтатып жүр. Басқалары болса, қанаттарын жылдам қағып, тігінен көтеріліп, жерден төрт-бес метр жоғары қалқып, өмірдің кереметтігін мадақтап жатыр. Ішінен жалын шығатындай көкті қызғылт жерлері бар найзағай алдындағы бұлттар бүкіл аспанды басып, орманның үстінде ғана кішкентай көгілдір терезе қалғанын байқадым. Ол арқылы жерге тік те кең сарқырама болып күн сәулелері ұмтылып, хош иісті бүкіл жазғы гүлдерді жұмсақ жылы нұрымен қыздырып тұрды. Ал қауырт, электрленген ауада айналада ұшып жүрген көктерек мамықтарының дауылы үнсіз құтырып жүр.Осы кезде бір жерде орасан зор дауыспен найзағай соғып, жаңбырдың бірінші ірі тамшылары қышабас алтын гүлдерінің үстінен ұрып өтті. Нөсер келген кезде, бүкіл тірі табиғат еркін дем алып, иығы босағандай, барлық ағаштар, өсімдіктер, құстар мен аңдар жалтылдаған, абыржыған, жуан су ағындарынан тоқылған жаңбырға қуанғандай болып көрінді. Үсті-басым су-су, бұлтты да тылсым бір күшпен жаншылғандай тынышталып қалған алқапта жалғыз қалған мен табиғаттағы тамаша дүрбелеңді жылына бір, көп дегенде екі рет көру мүмкіндігі берілетін адамның құмартатын бақытынан ләззат алып қана тұра бердім. |