Аризонадағы Пима үндістерінің айтуынша барлық адамдар мен жануарлардың атасы – бұлттардан көк жарға ұшып түскен көбелек Черуит Мейк (Жер жаратушы) екен, ол адамдарды өзінің терінен жаратқан. Адамдар көбейген сайын өзімшіл әрі жанжалшыл бола бастады, сондықтан Черуит Мейк өз қолымен жаратқандарын жек көріп, бәрін суға батыруға бел буды. […]
Сол кезде Хаук деген таулардың әзәзілі олардың қыздарын ұрлап, ұлдарын өлтіріп жүрген еді. […] Ол бір күні үн-түнсіз ананың артынан Суперстишн тауларына еріп барады; қызы оған ұсынуға тиіс кактус шарабына у қосады, сосын анау оны ішіп алғаннан кейін Суха жасырынған жерінен шығып, абдыраған әзәзілдің миын шашып тастайды. […]
Пималар осы болжауға сенетіндері соншалық, олар Суперстишн тауында Червит Мейк мекендейтін болғандықтан тауға аяқ баспайды — себебі таудың арғы жағынан құдіретті теңіздің алапат суын жер бетіне төгіп жіберу үшін ол адамдардың зұлымдық жасауларының ең жауыздық шегіне дейін күтіп отыр-мыс.