The "finals round" is now underway in this pair. Viewers are invited to vote for their favorite translations at this time. The winner(s) in this pair will then be announced. The finals round will end Dec 8, 2026 02:00 GMT. Submission period: Entries are submitted Qualification round: Peers rate entries to determine finalists Finals: Winners are selected by peers Source text in English The Pima Indians of Arizona say that the father of all men and animals was the butterfly, Cherwit Make (earth-maker), who fluttered down from the clouds to the Blue Cliffs[…] and from his own sweat made men. As the people multiplied, they grew selfish and quarrelsome, so Cherwit Make was disgusted with his handiwork and resolved to drown them all.[…]
There was one Hauk, a devil of the mountains, who stole their daughters and slew their sons. […] He silently followed him into the Superstition Mountains; he drugged the cactus wine that his daughter was to serve to him; then, when he had drunk it, Suha emerged from his place of hiding and beat out the brains of the stupefied fiend. […]
So firmly do the Pimas rely on this prophecy that they will not cross the Superstition Mountains, for there sits Cherwit Make — awaiting the culmination of their wickedness to let loose on the earth a mighty sea that lies dammed behind the range. | There were 9 entries submitted in this pair during the submission phase, 5 of which were selected by peers to advance to the finals round.Entries may now be compared and ranked by peers to determine the winner(s).
Contestants may not include their own entries among those they designate as the top three in this pair.
You must be logged in to rate and vote in ProZ.com translation contests. For certain forms of participation, membership may be required.
Login now » | Аризона штатындағы Пима үндістерінің айтуынша, барлық адамдар мен жануарлардың әкесі Черуит Мейк (Жер Жаратушы) атты көбелек болған. Ол бұлттардан төмен қарай қалықтап ұшып, көк жартастарға […] қонып, өз терінен адамдарды жаратқан. Адамдардың саны көбейген сайын, олар өзімшіл әрі жанжалшыл бола бастағанда, Черуит Мейк өз қолымен жасаған туындысына әбден көңілі толмай, олардың бәрін суға батырып, жоюға бел буған. […] Хаук деген таулардың жыны болған екен. Ол адамдардың қыздарын ұрлап, ұлдарын өлтіретін. […] Ол Хауктің соңынан білдіртпей, Суперстишн (Ырым) тауларына дейін еріп барды да, Хауктың қызы әкесіне кактустан жасалған шарапқа дәрі қосты; одан кейін Хаук шарапты ішіп болған соң, жасырынған жерінен Суха шығып, есеңгіреп қалған жынның басын жарған. […] Пималардың бұл пайғамбарлыққа сенетіндері соншалықты, тіпті Суперстишн (Ырым) тауларынан өтпейді. Өйткені олардың сенімі бойынша, сол таулардың ар жағында Черуит Мейк отыр, ол адамдардың зұлымдығы шегіне жеткен сәтті күтіп, тау жотасының ар жағында бөгеліп тұрған алапат теңізді жер бетіне ағызып жіберуге дайын екен.  | Entry #39470 — Variant: Not specifiednone
Finalist | Аризонаның пима үндістерінің аңызы бойынша, барша адамзат пен жан-жануардың атасы — бұлттар арасынан қанат қағып Көгілдір құздарға келіп қонған Шервит Маке (Жерді жаратушы) атты көбелек екен [...] әрі ол өзінің маңдай терінен адамдарды жаратқан көрінеді. Заман өтіп, халық көбейген сайын олар қатігезденіп, күншіл әрі дәукес болып кетіпті; содан Шервит Маке өз туындысынан жиреніп, бәрін суға батырып құртуға бел буады. Кезінде тауды мекендеген, қыздарын ұрлап, ұлдарын қырған Хаук есімді зұлым жын болыпты [...] Ол оның артынан Ырым тауларына сездірмей еріп барады; қызы оған ұсынуға тиіс кактус шарабына ұйықтататын дәрі қосады; сол шарапты ішіп есеңгіреп қалған сәтте, Суха жасырынған орнынан шығып, аңтарылып қалған зұлымның басын тас-талқан етеді. Пималықтар осы бір көне аңызға соншалықты кәміл сенетіндіктен, Ырым тауларынан әр қадам аттауға батпайды. Өйткені ол жерде Шервит Маке отыр — ол адамзаттың күнәсі шегіне жетіп, толастар сәтті күтіп отыр, сол кезде тау жотасының ар жағында бөгеліп жатқан рақымсыз ұлы теңізді жер бетіне қаптатып жібермек.  | Entry #39466 — Variant: Not specifiednone
Finalist - 1 user entered 1 "dislike" tag
қаптатып | Other sounds like it does not go well with the word "sea" | No comments | |
| Аризонадағы пима үндістері адам мен жануар атаулының түп атасы Червит Маке («Жерді жаратушы») деген көбелек болған деседі. Ол бұлт арасынан қалықтап ұшып түсіп, Көк жартастарға қонған […] әрі өз терінен адамды жаратқан. Адамдар көбейген сайын өзімшілдік белең алып, ұрыс-керіс те жиілеген. Өзі жаратқан адамдардан жиіркенген Червит Маке олардың бәрін суға батырып құртуға бел байлаған.[…] Тауды мекендеген Хаук деген бір дию олардың қыздарын ұрлап әкетіп, ұлдарын өлтіріп жүреді. Бірде ол Суха деген кісінің қызын да ұрлап әкетеді. […] Суха диюдің соңынан білдірмей еріп, Суперстишен тауларына барады. Суханың қызы Хаукқа қызмет жасап, кактус шарабын құйып жүреді. Әкесі сол шарапқа есеңгірететін дәрі қосып қояды. Хаук шарапты ішіп, мең-зең болғанда, Суха жасырынған жерінен шығып, оның басып жарып, миын шашып жібереді. […] Пималар осы болжамға берік сенетіндіктен, Суперстишен тауларынан асып өтпейді. Өйткені Червит Маке сол жерде олардың зұлымдығы шегіне жетер сәтті тосып отыр-мыс. Сол кезде ол тау жотасының ар жағында бөгеліп жатқан телегей-теңіз суды ағызып, жер бетін суға батырады.  | Entry #39587 — Variant: Not specifiednone
Finalist - 1 user entered 1 "like" tag
тосып | Flows well | No comments | |
| Аризонадағы пима үндістерінің айтуынша, барша адам мен жануардың түп атасы Черуит Маке («жерді жаратушы») атты көбелек болыпты. Ол бұлттан Көк жартастарға […] ұшып түсіп, өз терінен адам жаратқан екен. Адам баласы көбейе келе өзімшіл, ұрысқақ бола бастапты. Сонда өз жаратқандарынан жеріген Черуит Маке бәрін суға батырып жоюды ұйғарыпты. […] Тауда Хаук деген бір әзәзіл мекендейтін. Ол жұрттың қыздарын ұрлап, ұлдарын өлтіретін. […] Суха оның соңынан білдірмей ілесіп, Суперстишен тауларына барды. Қызы әзәзілге ұсынатын кактус шарабына есеңгірететін дәрі қосып қойды. Әзәзіл шарапты ішкен соң, Суха тығылған жерінен шығып, мең-зең болған жауызды ұрып, миын шашты. […] Пималардың бұл болжамға сенімі берік болғаны сонша, олар Суперстишен тауларынан аспайды. Өйткені Черуит Маке сол жерде олардың зұлымдығы шегіне жетер сәтті күтіп отыр. Сол сәт туғанда, жотаның ар жағында бөгеліп жатқан алып теңіздің суын жер бетіне қаптатпақ. | Entry #39467 — Variant: Not specifiednone
Finalist | Аризонадағы Пима үндістерінің айтуынша барлық адамдар мен жануарлардың атасы – бұлттардан көк жарға ұшып түскен көбелек Черуит Мейк (Жер жаратушы) екен, ол адамдарды өзінің терінен жаратқан. Адамдар көбейген сайын өзімшіл әрі жанжалшыл бола бастады, сондықтан Черуит Мейк өз қолымен жаратқандарын жек көріп, бәрін суға батыруға бел буды. […] Сол кезде Хаук деген таулардың әзәзілі олардың қыздарын ұрлап, ұлдарын өлтіріп жүрген еді. […] Ол бір күні үн-түнсіз ананың артынан Суперстишн тауларына еріп барады; қызы оған ұсынуға тиіс кактус шарабына у қосады, сосын анау оны ішіп алғаннан кейін Суха жасырынған жерінен шығып, абдыраған әзәзілдің миын шашып тастайды. […] Пималар осы болжауға сенетіндері соншалық, олар Суперстишн тауында Червит Мейк мекендейтін болғандықтан тауға аяқ баспайды — себебі таудың арғы жағынан құдіретті теңіздің алапат суын жер бетіне төгіп жіберу үшін ол адамдардың зұлымдық жасауларының ең жауыздық шегіне дейін күтіп отыр-мыс. | Entry #39464 — Variant: Not specifiednone
Finalist | | | | | X Sign in to your ProZ.com account... | | | | | | ProZ.com translation contestsProZ.com translation contests offer a fun way to take a break from your normal routine while testing and honing your skills with fellow translators.
ProZ.com Translation Contests. Patent pending. |