Аризонаның пима үндістерінің аңызы бойынша, барша адамзат пен жан-жануардың атасы — бұлттар арасынан қанат қағып Көгілдір құздарға келіп қонған Шервит Маке (Жерді жаратушы) атты көбелек екен [...] әрі ол өзінің маңдай терінен адамдарды жаратқан көрінеді. Заман өтіп, халық көбейген сайын олар қатігезденіп, күншіл әрі дәукес болып кетіпті; содан Шервит Маке өз туындысынан жиреніп, бәрін суға батырып құртуға бел буады.
Кезінде тауды мекендеген, қыздарын ұрлап, ұлдарын қырған Хаук есімді зұлым жын болыпты [...] Ол оның артынан Ырым тауларына сездірмей еріп барады; қызы оған ұсынуға тиіс кактус шарабына ұйықтататын дәрі қосады; сол шарапты ішіп есеңгіреп қалған сәтте, Суха жасырынған орнынан шығып, аңтарылып қалған зұлымның басын тас-талқан етеді.
Пималықтар осы бір көне аңызға соншалықты кәміл сенетіндіктен, Ырым тауларынан әр қадам аттауға батпайды. Өйткені ол жерде Шервит Маке отыр — ол адамзаттың күнәсі шегіне жетіп, толастар сәтті күтіп отыр, сол кезде тау жотасының ар жағында бөгеліп жатқан рақымсыз ұлы теңізді жер бетіне қаптатып жібермек.