Аризона штатындағы Пима үндістерінің айтуынша, барлық адамдар мен жануарлардың әкесі Черуит Мейк (Жер Жаратушы) атты көбелек болған. Ол бұлттардан төмен қарай қалықтап ұшып, көк жартастарға […] қонып, өз терінен адамдарды жаратқан. Адамдардың саны көбейген сайын, олар өзімшіл әрі жанжалшыл бола бастағанда, Черуит Мейк өз қолымен жасаған туындысына әбден көңілі толмай, олардың бәрін суға батырып, жоюға бел буған. […]
Хаук деген таулардың жыны болған екен. Ол адамдардың қыздарын ұрлап, ұлдарын өлтіретін. […] Ол Хауктің соңынан білдіртпей, Суперстишн (Ырым) тауларына дейін еріп барды да, Хауктың қызы әкесіне кактустан жасалған шарапқа дәрі қосты; одан кейін Хаук шарапты ішіп болған соң, жасырынған жерінен Суха шығып, есеңгіреп қалған жынның басын жарған. […]
Пималардың бұл пайғамбарлыққа сенетіндері соншалықты, тіпті Суперстишн (Ырым) тауларынан өтпейді. Өйткені олардың сенімі бойынша, сол таулардың ар жағында Черуит Мейк отыр, ол адамдардың зұлымдығы шегіне жеткен сәтті күтіп, тау жотасының ар жағында бөгеліп тұрған алапат теңізді жер бетіне ағызып жіберуге дайын екен.