Аризонадағы пима үндістері адам мен жануар атаулының түп атасы Червит Маке («Жерді жаратушы») деген көбелек болған деседі. Ол бұлт арасынан қалықтап ұшып түсіп, Көк жартастарға қонған […] әрі өз терінен адамды жаратқан. Адамдар көбейген сайын өзімшілдік белең алып, ұрыс-керіс те жиілеген. Өзі жаратқан адамдардан жиіркенген Червит Маке олардың бәрін суға батырып құртуға бел байлаған.[…]
Тауды мекендеген Хаук деген бір дию олардың қыздарын ұрлап әкетіп, ұлдарын өлтіріп жүреді. Бірде ол Суха деген кісінің қызын да ұрлап әкетеді. […] Суха диюдің соңынан білдірмей еріп, Суперстишен тауларына барады. Суханың қызы Хаукқа қызмет жасап, кактус шарабын құйып жүреді. Әкесі сол шарапқа есеңгірететін дәрі қосып қояды. Хаук шарапты ішіп, мең-зең болғанда, Суха жасырынған жерінен шығып, оның басып жарып, миын шашып жібереді. […]
Пималар осы болжамға берік сенетіндіктен, Суперстишен тауларынан асып өтпейді. Өйткені Червит Маке сол жерде олардың зұлымдығы шегіне жетер сәтті тосып отыр-мыс. Сол кезде ол тау жотасының ар жағында бөгеліп жатқан телегей-теңіз суды ағызып, жер бетін суға батырады.